«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы бұйрығының жобасы

Агенттік «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы бұйрығының жобасын әзірледі.

Аталған жоба заңға тәуелді актілерге Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес тиісті түзетулер енгізу үшін әзірленді.

Атап айтқанда, аталған акт мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейді.

Бұдан басқа, «Б» корпусы лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына, сондай-ақ құқық қорғау органдарының лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына түзетулер енгізіледі.

Жоба 2021 жылғы 14 мамырда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8732291 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.

Дата публикации
04 июня 2021