Жауапты тұлғалардың байланыс деректері, өтініштер қарау нәтижелері және қабылданған шешімдерге шағым жасаудың тәртібі
Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл мерзімді әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша шағымды қарайтын орган қалпына келтіруі мүмкін.
Шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында шағымды қарайтын орган ауруды, еңсерілмейтін күштің мән-жайларын және адамды шағым беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептерді дәлелді себептер ретінде таниды.
Шағым жасау үшін өткізіп алынған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіздердің бірі болып табылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Әкімшіліік рәсімдік-процестік кодексінің 89-бабындағы 2-тармағына сәйкес хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде мазмұны бойынша негiзделген және уәжделген болуға, оның қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле отырып, арыз иесінің дәлелдерiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтуға тиiс. Берiлген жауаппен келiспеген жағдайда өтiнiш иесi жазбаша өтiнiшпен Астана қ., Абая 33а к. мекенжайы бойынша Төрағаның қабылдауына жазылуына құқығы бар, тел.: +7 (7172) 753540.