ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, индекс 050010, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, эл. мекенжай ок_spasr_alm@emer.kz тел/факс:261-28-92, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Өрт сөндіруші-құтқарушы, C-SV-13 санаты, 10 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 91000 теңгеден 123000 теңгеге дейін.

Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: өрттерді сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы жұмысты жүзеге асыру; адамдарды құтқару мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмысты жүргізу; жауынгерлік кезекшілік кезінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау; бөлімшенің мүлкін сақтау, өрт-техникалық жарақтарын және жабдықтарын, жеке қорғау құралдарын әрдайым дайындықта және тазалықта ұстау; зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Негізгі талаптар:жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, еңбек өтілі талап етілмейді.

Өрт сөндіруші-құтқарушы-мотоциклист, C-SV-13 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 91000 теңгеден 123000 теңгеге дейін.

Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: өрттерді сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы жұмысты жүзеге асыру; адамдарды құтқару мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмысты жүргізу; жауынгерлік кезекшілік кезінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау; бөлімшенің мүлкін сақтау, өрт-техникалық жарақтарын және жабдықтарын, жеке қорғау құралдарын әрдайым дайындықта және тазалықта ұстау; зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Негізгі талаптар:жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, «А» категориясы бойнша жүргізуші күәлігі бар, еңбек өтілі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) белгіленген нысандағы сауалнама;

3) кадр есебі бойынша жеке іс парағы;

4) өз қолымен жазылған және басылған түрде толтырылған өмірбаяны;

5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық тәртіппен куәландырылған көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі;

8) соңғы жұмыс орнынан (оқу орнынан) немесе әскери бөлімнен үміткер әскери борышын өткен жерден мінездеме ;

9) өлшемі 3х4 төрт фотосуреті;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

11) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралыанықтамасы;

 12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

Әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқыту резервін даярлау бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр жұмысы бөлімінде Алматы қ., Қонаев көш. 132, телефон: 261-28-92 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

         Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

ДЧС
Дата публикации
23 апреля 2021