«ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, индекс 050040, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, e-mail: ok_spasr_alm@emer.kz тел: 261-28-92, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Өрт сөндіру автомашиналарының жүргізуші-қызметкері, C-SV-13 санаты, 15 бірлік.
Жалақысының мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 91542 теңгеден 123662 теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: Өрт сөндіру машиналарының жүргізушісіне мынадай міндеттер жүктеледі: бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданында су көздерінің орналасуын білу; құрылғылардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, мақсатын, өрт сөндіру автомобильдері мен басқа да өрт және авариялық-құтқару техникасының жұмыс істеу қағидаласын, жұмысын және қызмет көрсету тәртібін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білу; өрт сөндіру автомобильдерінде қызмет өткеру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария қағидаларын сақтау; автомобильдердің техникалық жай-күйін тексеру, оларға техникалық қызмет көрсетуді, сапалы, уақтылы орындау; сақтау қағидаларын және оларды қолдану тәртібін сақтау; гараж жабдығын пайдалану қағидаларын сақтау, өрт сөндіру автомобильдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.
Негізгі талаптар: жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі, «В,С және В,С,В1,С1» санаттағы жүргізуші куәлігі бар болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) белгіленген нысандағы сауалнама;
3) кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
4) өз қолымен жазылған және басылған түрде толтырылған өмірбаяны;
5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі;
8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған кезде);
9) өлшемі 3х4 төрт фотосуреті;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтамасы;
12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытынды (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (бар болса) тапсырады.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр жұмысы бөлімінде Алматы қ., Қонаев көшесі 132, тел: 261-28-92 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың аккредиттелген өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.