«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы, бес институционалдық реформаны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды тиімді іске асыру озық халықаралық тәжірибені зерделеуді және бейімдеуді, шетелдік әріптестермен тұрақты өзара іс-қимылды талап етеді.
Осы тұрғыда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда.