Мемлекеттік қызмет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар туралы

Агенттік төрағасының тапсырмасын орындау мақстаныда мемлекеттік органдар жүйесінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған анализ жүргізілді.

Анализ нәтижесіне сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа тәуелді салалардың бірі рентінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысындағы тексеру, сонымен қатар тексеріс объектілеріне бару және тәртіптік істі қарау барысында қызметтік тексеріс жүргізуге бағытталған шаралар анықталды.

Мемлекеттік органдардың санын оңтайландыру, ықшам, әрі кәсіби штат құру аясында Агенттіктің қызметкерлері тексерістерге жеке барып, жағдайдың мән-жайын тексеріп, қажетті материалдарды жинақтайды, сондай-ақ тексерілетін объектінің қызметкерлерін жеке сұрастырады. Аталған шаралар тексеріс жүргізетін мекеменің субъективті көзқарасын тудырып, қысымшылыққа және мүдделік қолдау көрсетуге әкелетінін жоққа шығармайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерден және бөгде адамдардан қамқоршылыққа алу мақсатында сыйлықтар мен қызметтерді қабылдау қаупі де бар.

Осыған орай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында келесідей ұсынымдар беріледі:

1) қызметкерлерге тексеріс шараларын бастамас бұрын нұсқаулық беру, соның ішінде мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы жазбаша хабарлама беру;

2) тексерістерді сапалы ұйымдастырғандығы және заңдылық қағидатын мінсіз орындағандығы, сонымен қатар құқық бұзушылыққа төзбеушілігі үшін ынталандыру тәжірибесін енгізу;

3) лауазымды адамдардың, Агенттік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің тізімін жүргізу: Әдеп жөніндегі кеңес уәкілдерінің профилактикалық жұмыс барысында қолдану үшін шағымдардың саны мен түрлері (тәртіп бұзушылықтардың жиынтығы);

4) бақылау функциялары жүктелген Агенттік қызметкерлерінің қызметіндегі мүдделер қақтығысын анықтау үшін мониторинг жүргізу;

5) Агенттік жұмысының практикасына референдум жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыру: кез келген шешім бір немесе бірнеше лауазымды тұлғаның қолымен расталуы қажет (Финлянбия тәжірибесіне сәйкес);

6) Сыбайлас жемқорлыққа ең осал Агенттіктің бақылау функциялы жүктелетін құрылымдылық бөлімшелеріне персоналды мұқият таңдау қағидатын енгізу;

7) мемлекеттік қызметшілердің өмірінен алынған мысалдарға негізделген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» практикалық нұсқаулығының үшінші нөмірін (покетбук-қойын кітапшасын) дайындау;

8) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ұстанымын («мүлдем төзбеушілік») куәландыратын және қызметкерлердің нақты мінез-құлқына айтарлықтай әсер ететін басшылық стилін қалыптастыру;

Осыған орай, Агенттіктің және аумақтық департаменттердің Әдеп жөніндегі уәкілдері анонимді сауалнамалар арқылы қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың сақталуын бақылайды, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға әкелетін жағдайлар мен салдарды жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу арқылы тәртіптік тәжірибеге талдау жүргізеді (жартыжылдықта 2 рет).

Айта кетейік, Агенттіктің аумақтық департаменттеріне осы тапсырма аясында мемлекеттік органдардың біліктілік талаптарын үйлестіру бойынша жұмыстарын оңтайландыру, тестілеуді «Персоналды басқару ұлттық орталығы»  АҚ бірегей операторына беру, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын тексеру және т.с.с. ұсыныстар енгізілген.

Аумақтық департаменттерден келіп түскен бірқатар ұсыныстар «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылды (26.11.2019ж. № 273-VI ҚР Заңы).

 

Дата публикации
24 октября 2019