Агенттіктің 2019 жылдағы Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы

2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес Агенттіктің Нұр-сұлтан қаласы бойынша аумақтық бөлімшесінде және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жекелеген мәселелер бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит қорытындысы бойынша 54,1 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, олар бюджет кірісіне өтелді (қалпына келтірілді) және 10 позиция бойынша рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша аудитпен анықталған бұзушылықтарды жою, бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде заңнаманы сақтау бойынша тәртіпті арттыру, іссапар шығыстарын өтеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін сақтау бөлігінде ұсынымдар орындалды және қолданыстағы бизнес процестерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау негізінде қолданыстағы «Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына ұсыныстар әзірленді және жолданды.

Қызмет 2019 жылдың ішінде Агенттіктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың нормативтік құжаттарын әзірлеуге (түзетуге), Агенттіктің аумақтық департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын кешенді тексеруге қатысты.

Қызмет жұмыскерлері Агенттіктің қызметкерлеріне қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы қолдану жөнінде кеңес береді, «Е-қызмет» ИАЖ-да құжаттар жобаларын келісу рәсімдерін жүзеге асырады.

Қызмет жұмыскерлері біліктіліктерін арттыру курстарына бару, семинар –кеңестерге, дөңгелек үстелдерге, ҚР Ішкі аудиторларының ұлттық конференциясына қатысу арқылы өз біліктілік деңгейлерін арттыруды жүзеге асырады.

Қызмет басшысы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жанынан құрылған мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болып табылады. Жұмыс тобының отырыстарында Мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар пысықталды және Қаржы министрлігіне енгізілді.

Мемлекеттік қызмет академиясы негізінде Қызмет жұмыскерлерінің бастамасы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтері қызметінің тиімділігін арттыру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Дата публикации
03 февраля 2020