«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат):

1) 3-бап мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

«29-1) пара – заттар, ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар;»;

2) 253-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы қызметтерді өзіне немесе басқа адамдарға заңсыз көрсету –

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«4.Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлiкті заңсыз алуы, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiнде қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлiктiк сипаттағы көрсетiлетін қызметтердi өзіне немесе басқа адамдарға пайдалануы –мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

3) 367-баптың бірінші бөлігі  мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы өзіне немесе басқа адамдарға пара беру –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

 2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат):

1) 71-баптың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға, шетелдік немесе халықаралық ұйым жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның, шетелдік немесе халықаралық ұйымның өкілі жүзеге асырады.»;

2) 73-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік, азаматтық жоқ адам, заңды тұлға, шетел немесе халықаралық ұйым азаматтық талапкер болып танылады.».

3. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-І, 111-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат):

1) 1-баптың 12-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымындағы, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнаманда көзделген өзге өкілеттерді жүзеге асыратын ведомство;»;

2) 7-баптың 1–тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау органдарына қызметке кіретін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда тесттен, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.»;

3) 41-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Қызметтердің арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан, қызметтен, әскери, мемлекеттік фельдъегерлiк қызметтен босатылған күн мен оның құқық қорғау органдарына қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда, үздіксіз қызмет деп есептеледі.».

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат):

1) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Лауазымдық өкілеттіктеріне мемлекеттік сатып алу саласындағы функцияларды немесе бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру жататын мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызметші лауазым атқаратын мемлекеттік орган басшысының арасында сатылмаушылық туралы шарт жасалады.

Сатылмаушылық шартын жасасудың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың және заңнаманың кез келген басқа бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің өз қалауы бойынша іс-қимылы үшін мүмкіндіктерді барынша азайту болып табылады.

Қылмыстық жазаланатын әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда, мемлекеттік қызметшінің сатылмаушылық шартының талаптарын сақтамауы оның мемлекеттік қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.»;

2) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымындағы, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнаманда көзделген өзге өкілеттерді жүзеге асыратын ведомство.;».

5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республика сының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-V, 153-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат; №22, 116-құжат; №24, 123-құжат; 2017 ж., №14, 51-құжат; №16, 56-құжат):

1) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «А» корпусы – конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;»;

2) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 13-1тармақшасымен толықтырылсын:

«13-1) мемлекеттік қызметшінің тікелей басшысы – оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес тікелей бағынысында болатын мемлекеттік қызметшіге қатысты тұлға.»;

мынадай мазмұндағы 15-1тармақшасымен толықтырылсын:

«15-1) мемлекеттік органның бірінші басшысы – мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын лауазымды тұлға.»;

мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:

«24) мемлекеттік қызмет өтілі – мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік лауазымға орналасу кезеңі;

25) лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі – мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысының мөлшерін айқындау үшін оның жұмыс стажына енгізілетін уақыт кезеңі.»;

2) 5-баптың 2-тармағы 4) тармақшасы алып тасталсын;

3) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Конкурсқа іріктеу жүргізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша «А» және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болғанда мына дамдар орналаса алады:

1) қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер;

2) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілер, судьялар;

3) уәкілетті комиссияның шешімі қабылданған сәтте лауазымдардың тізбесіне сәйкес олардың лауазымдары саяси мемлекеттік лауазымдарға жатқызылған жағдайда өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда өз өкілеттіктерін, кемінде алты орындаған және оларды тоқтатқан саяси мемлекеттік қызметшілер;

4) уәкілетті комиссия айқындайтын халықаралық немесе трансұлттық ұйымдарда кемінде алты ай жұмыс өтілі бар адамдар;

5) уәкілетті комиссия айқындайтын алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары бойынша оқуды (PhD, бейін бойынша дәрігер) аяқтаған адамдар.

Қазақстан Республикасының Президенті осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды іріктеу жүргізбестен және уәкілетті комиссияның шешімінсіз, оларға тағайындау өзімен жүзеге асырылатын «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы.

Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.»;

4) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетті органда тесттен өтеді.»;

5) 22-бабы алып тасталсын;

6) 23-бап мынадай редакциясында жазылсын:

«23-бап. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізіледі.

2. «А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына белгіленген арнайы біліктілік талаптарына жауап беретін азаматтар қатарынан және осы Заңда белгіленген басқа да талаптардан жүзеге асырылады.

Конкурсты уәкілетті комиссия жүзеге асырады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

«А» корпусының әкімшілік лауазымдарына тағайындалу үшін уәкілетті комиссия ұсынған азаматтарды «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындауға уәкілетті лауазымды (органмен) немесе «А» корпусының әкімшілік лауазымдарына уәкілеттік берген лауазымды адам тағайындайды.»;

7) 25-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттік лауазымды конкурстық іріктеу негізінде алмастырады;»;

8) 28-бапта:

1-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:

«1. Жалпы конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 2-1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын өзге бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:

«1-1. Құрылымдық бөлімшеде төменгі лауазым болмаған жағдайда мемлекеттік органның төменгі лауазымына қатысты лауазымдардың келесі жоғары санаты лауазымдар тізіліміне сәйкес болып табылатын лауазымға жалпы конкурс өткізуге жол беріледі.»;

9) мынадай мазмұндағы 31-1-бабымен толықтырылсын:

«31-1-бап. Мемлекеттік қызметінің өтілі

1. Мемлекеттік қызмет өтіліне мемлекеттік қызметте болудың барлық кезеңі енгізіледі, ол мемлекеттік лауазымға, оның ішінде әскери лауазымға, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет тоқтатылғанға дейін есептеледі.

2. Осы Заңның 19-бабында көзделген арнайы тексерудің оң нәтижелері алынған кезде арнайы тексеру жүргізу кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі.»;

10) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік органды құру туралы акт қабылданған күннен бастап, қызметтік қажеттілік жағдайында, бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін азаматтарды үш айдан аспайтын мерзімге жұмысқа қабылдауға жол беріледі.

Ұзартуға болмайтын осы мерзім ішінде көрсетілген мемлекеттік лауазымдар осы Заңға сәйкес бос болмауға тиіс.

«А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетін «А» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін жұмысқа қабылдау адамдар қатарынан жүзеге асырылады.»;

11) 45-бапта:

2-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осы Заңда көзделген тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, бірақ адамның іс-әрекеттерінде осы Заңда көзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуі осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда қылмыстық іс бойынша іс жүргізу не әкімшілік іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі мәселесін шешуге ықпал ететін сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;

12) 48-бапты мынадай мазмұндағы 3) тармақшысымен толықтырылсын:

«3) мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, бірақ жалақысы сақтала отырып, бір айдан аспайтын мерзімге.»;

13) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:

«20) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу;

21) мемлекеттік меншіктің қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда;

22) автокөліктін құралын мас күйде жүргізу;»;

14) 54-бапта:

1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлігімен толықтырылсын:

«Мемлекеттік қызметшілерге сауықтыру үшін берілетін жәрдемақыны күнтізбелік жыл ішінде бір рет төленеді.»;

мынадай мазмұндағы 5-тармағымен толықтырылсын:

«5.Мемлекеттік қызметші конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша, ауыстыру, ротациялау, сайлау, іссапарға жіберу тәртібімен, сондай-ақ мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру салдарынан бір мезгілде басқа мемлекеттік лауазымға орналаса отырып, мемлекеттік лауазымнан босатылған жағдайда бұрынғы лауазымдағы іс жүзінде жұмыс істеген уақыт жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтіліне қосылады.

Бұл ретте, бұрынғы жұмыс орны бойынша мемлекеттік қызметші емес өтемақы төлемі жүргізіледі пайдаланылмаған күндері үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын).»;

15) 61-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда;»;

16) 68-бапты мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:

«1-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кадр резервіне енгізілген азаматтар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына «А» корпусының кадр резервіндегі жарыс мерзімі аяқталғанға дейін конкурссыз тағайындалуы мүмкін.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Заң жобасы

Салыстырма кесте

Түсіндірме жазба

Дата публикации
11 января 2019