«Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тестілеу «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының қызметшісі болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдар үшін тестілеу бойынша нұсқаулық өткізеді және оларда туындаған сұрақтарға жауап береді.
12. Тестiлеу өткізу басталғанға дейін өзiн нашар сезiнген кандидаттар ол туралы операторға хабарлайды. Бұл жағдайда ол осындай кандидаттарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Тестіленуші кандидат осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, оператор осындай кандидаттың тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.»;
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.
Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
23. Тестілеу нәтижелері оның өткізілген күнінен бастап бір жылдың ішінде жарамды.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Кандидаттар осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеудің нәимжелерін электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін жиырма минуттан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар жіберіледі.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижелерін алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген мерзімде келмеген кандидаттар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады.
Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қалыптастырылған қорытындылары тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.»;
34-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кандидаттың апелляциясы қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда оған тестілеуді қайта тапсыруға тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.»;
4, 5, 6, 7 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде, оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық, осы бұйрықтың 2019 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырмасыншы, жиырма екінші, жиырма төртінші, жиырмы бесінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А. Шпекбаев