О внесении изменений в совместный приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 6 февраля 2017 года № 45, Председателя Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан от 7 февраля 2017

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 4 н/қ және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының

2017 жылғы 3 ақпандағы № 29 «Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы»

бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 4 н/қ және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 3 ақпандағы № 29 «Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы» бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14795 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 наурызда орналастырылған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын бағалау әдiстемесi бекітілсін.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  1. осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  3. осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті төрағасының орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі

_______________  Д. Абаев

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы Құқықтық

статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитетінің

төрағасы

______________  Қ. Жақыпбаев

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің төрағасы

______________  А. Шпекбаев

 

 

Әдістеме

Қосымша

Бірлескен бұйрық

Дата публикации
01 февраля 2019