«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлеріне « Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасы жөнінде

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңы жобасы (бұдан әрі-заң жобасы)Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары іс-шараларының, Елбасының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмалары, ЭЫДҰ Ыстамбұл жоспарын мониторингтеудің төртінші раунд есебінің ұсынымдары бойынша әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы әрі қарай жетілдіру, жемқорлықтың туындауын жүйелі түрде алдын алу және құқықтық келіспеушіліктерді, жұмылдыруларды жою мақсатында әзірленді.

Заң жобасы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Заң жобасы 2019 жылғы 11 қантарда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Дата публикации
13 февраля 2019