«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
- Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органның жәке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
- осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ақпарат және және қоғамдық даму вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті төрағасының орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
- Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі
_____________ Д. Абаев
|
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеттің төрағасы
____________ Қ. Жақыпбаев
|
|
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
______________ А. Жаилғанова
|
Қазақстан Республикасының
Цифлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
_____________ А. Жұмағалиев
|
Бұйрық