2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары

Халыққа 161,4 млн. астам қызмет көрсетілді, оның ішінде 94%-ы электрондық форматта.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қатысты
4 956шағым қаралды

Шағымдардың басым көпшілігі жергілікті органдары және Мемлекеттік корпорациясы, сондай-ақ жер қатынастары салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты.

Шағымдар негізінде 563 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 170 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Жалпы 2 008 бақылау шаралары жүргізіліп, 391 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстваларында -
119 443, жергілікті органдарда - 272 057

Анықталған бұзушылықтардың 16,2% (63 254 факті)мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы болып табылады.

Бақылау шараларының нәтижесінде 10 003 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

1010 ұсыным енгізіліп, қызмет берушілердің 627 қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ЖАО – 471, ОМО – 156),олардың 25,2% (158)қызмет көрсетушілердің басшылық құрамы.

Рұқсаттарды беру мерзімдері мен тәртібін бұзғаны, сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы бойынша 427 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде енгізген ұсынуларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабымен 6 әкімшілік хаттама толтырылды.

Нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке 222 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 196 жергілікті органдар,
26 орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

Мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 24,5 млн. (24 500 612)теңге өндірілді.

 

Дата публикации
18 сентября 2026