«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Агенттік Төрағасының «Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының
2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы (бұдан әрі - бұйрық) қабылданып (№ 133 28.07.2026 ж. бұйрық) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 29.07.2026 ж. № 39425 санмен мемлекеттік тіркеуден өтті.
Қабылданған өзгерістерге сәйкес үлгілік біліктілік талаптарынан «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» органы алынып тасталды. Сонымен қатар, үлгілік біліктілік талаптарының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері өзара сәйкестендірілді. Құқықтық коллизияны болдырмау мақсатында санатқа қойылған қайталанатын талап (C-SSP-7) алып тасталды.