Білімі-жоғары. Франция Премьер-Министрі жанындағы Ұлттық әкімшілік мектебін (Ecole nationale d’administration) «мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «аудармашы» мамандығы бойынша бітірген.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.
Бұрын жоғарыда көрсетілген басқарманың бас консультанты, ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің бас сарапшысы, БТА Банкінің ипотекалық кредит беруді әкімшілендіру секторының менеджер-бақылаушы және меңгерушісі болып жұмыс істеді.