
1989 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
2011 жылдан 2012 жылға дейін Қызылорда облысының Әділет департаментінде қызмет атқарған
2012 жылы Қармақшы ауданының Әділет басқармасында қызмет атқарған
2012 жылдан 2014 жылға дейін Қызылорда қаласы мәслихатының аппаратында қызмет атқарған
2014 жылдан 2015 жылға дейін Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған
2015 жылдан 2017 жылға дейін Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған
2017 жылдан 2020 жылға дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарған.
2020 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттікқұқықтық жұмыс бөлімінде қызмет атқарған.
2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті этикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу басқармасының сарапшысы болып қызмет атқарған
2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының хатшылығы төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарған
2022 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының хатшылығы төрағасының кеңесшісі болып қызмет атқарған
2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып қызмет атқарған
13.01.2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарады.