2026 жылғы 28 шілдеде сағат 11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу мәселелері бойынша саяси партиялар, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдеріне арналған онлайн-семинар өткізеді.
Аталған семинарға қатысуға ниет білдірген саяси партиялар, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері 2026 жылғы 28 шілде күні сағат 08.30-10.30 аралығында аккредиттеуден өте алады.
Өткізу форматы: ZOOM платформасына қосылу ұсынылған сілтеме арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту: Әрбір қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйымға қосылу үшін шектеулі мөлшерде ZOOM сілтемесі ұсынылады.
Байланыс телефоны: 87075516615.
Бүгін Астанада 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының оныншы отырысы өтті. Отырыс жұмысына халықаралық байқаушылар, саяси партиялардың, Сыртқы істер, қаржы, ішкі істер, әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, БАҚ өкілдері қатысты. Бейнеконференциялық байланыс режимінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы;
2. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы;
3. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға партиялық тізімдерді тіркеудің қорытындылары туралы;
4. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізу тәртібі туралы;
5. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда сайлау алдындағы үгітті жүргізу туралы.
Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясында Сыртқы істер министрлігінің ұсынуымен шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу рәсімі жалғасып жатқанын атап өтті. Бұл рәсім 17 тамызға дейін жалғасады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға Орталық сайлау комиссиясы 12 шет мемлекет пен 5 халықаралық ұйымнан 86 халықаралық байқаушыны аккредиттегенін айтты.
«2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 5 шет мемлекет пен 1 халықаралық ұйымнан 10 халықаралық байқаушының кандидатурасын ұсынды. Атап айтқанда, Молдова Республикасынан - 4 кандидатура, оның ішінде осы елдің Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Халықаралық парламентарийлер конгресінен (IPC) - 1 кандидатура, Албания Республикасынан - 2 кандидатура, Кувейт Мемлекетінен - 1 кандидатура, оның ішінде осы мемлекеттің Қазақстандағы Елшісі, сондай-ақ Армения Республикасы мен Палестина Мемлекетінен бір-бір кандидатурадан ұсынылды», - деп хабарлады Мұхтар Ерман.

Отырыс барысында өңірлерде үгіт материалдарын орналастыру орындарын дайындау мәселесі бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары есеп берді. Әкімдіктердің мәліметі бойынша бүгінгі таңда республика бойынша үгіт материалдарын орналастыруға арналған 8 мыңнан астам орын, сондай-ақ сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған шамамен 4,5 мың орын дайындалған. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мегаполистер мен халық тығыз қоныстанған өңірлердегі сайлаушылар санын, сондай-ақ қазіргі сайлау науқанының ерекшеліктерін ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыруға арналған резервтік орындарды дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
«Сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, барлық партиялар үшін үгіт материалдарын орналастыру орындарын белгілейді және оларды жарақтандырады. Үгіт материалдары барлық партиялар үшін тең құқықтарын қамтамасыз етілетіндей жағдайда орналастырылуы тиіс. Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссияларының назарына - осы сайлау науқанының шеңберінде саяси партияларды ұсыну және тіркеу кезеңдерінде жоғары бәсекелестік пен белсенділік көрсетілгенін ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыруға арналған орындар мен үй-жайлардың осы санымен шектеліп қана қоймай, олардың резервін қамтамасыз ету қажет», - деді Нұрлан Әбдіров.

Бүгін сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының отырысында Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу кезеңінің қорытындылары шығарылды.
ОСК Төрағасы күнтізбелік жоспарға сәйкес 16-21 шілде аралығында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері жеті саяси партияның әрқайсысы ұсынған кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мәселелерін қарағанын атап өтті. ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов өз баяндамасында партиялық тізімдерді тіркеу жұмысының қорытындылары мен жалпы статистикалық мәліметтерді таныстырды.
«2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша, Құрылтай депутаттарының мандаттарына үміткер 7 саяси партияның тізімдеріне 545 кандидат енгізілді. Депутаттық мандаттардың жалпы саны - 145. Әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қойылатын талаптарды барлық саяси партиялар сақтады. Жалпы партиялық тізімдер бойынша аталған санаттардың жиынтық үлесі 43,9%-ды құрайды. Оның ішінде 172 - әйелдер (31,56%), 373 - ерлер. 35 жасқа дейінгі 74 кандидат бар. Орташа жас - 45,4 жас», - деп хабарлады ОСК хатшысы.

Шавхат Өтемісов сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылардың назарын сайлау заңнамасының талаптарына, заңнамаға сәйкес ОСК белгілі бір негіздер болған жағдайда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген тұлғаны тізімнен шығару туралы шешім қабылдауға құқылы екендігіне аударды.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізу тәртібі де айқындалды. Жеребе тарту рәсімін ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман өткізді. Саяси партиялардың өкілдері мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік реті бойынша үстелге шақырылды. Олар өз қолдарымен ішінде нөмір жазылған жабық конвертті таңдады. Енді дәл сол нөмір бойынша әрбір саяси партия сайлау бюллетенінде көрсетілетін болады.
«Орталық сайлау комиссиясының отырысында өткізілген жеребе тартудың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде мынадай ретпен орналасатын болады: 1. «Әділет» партиясы», 2. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», 3. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, 4. «Қазақстан Халық партиясы», 5. «Ауыл» партиясы», 6. «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы», 7. «Respublica» партиясы». Жеребе тарту қорытындылары Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің тиісті хаттамасымен бекітіледі», - деп атап өтті ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік қазіргі сайлау науқаны кезіндегі сайлау алдындағы үгітке қатысты заңнамадағы жаңа нормалар туралы баяндады.
Атап айтқанда, енгізілген жаңалықтардың бірі - дауыс беру күні толтырылған сайлау бюллетенін фото немесе бейнетүсірілім жасауға және оны таратуға тыйым салынуы. Сондай-ақ ағымдағы сайлау науқаны үшін арнайы дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға жол берілмейтіні атап өтілді.
«Дауыс беру күні толтырылған сайлау бюллетенінің фото немесе бейнетүсірілімін жүзеге асыруға, сондай-ақ оны таратуға тыйым салынады. Бұл норма саяси партияларды жария түрде қолдауды көрсетуге жол бермеуге бағытталған және еркін әрі жасырын дауыс беруді, сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін тең жағдайларды, сондай-ақ сайлаушылардың еркін ерік білдіруін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыру туралы талап өздерінің интернет-ресурстары мен онлайн-платформалардағы аккаунттарын пайдаланатын саяси партиялар мен кандидаттарға қолданылмайды. Бұдан бөлек, үгіт материалдарына қойылатын қосымша талаптар енгізілді. Атап айтқанда, бұрыннан қолданыста болған Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде үгіт материалдарын дайындауға және жасырын үгіт материалдарын таратуға тыйым салумен қатар, енді ағымдағы сайлау науқаны үшін дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға да тыйым салынды», - деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.

ОСК мүшесі сондай-ақ сайлау науқанын объективті түрде ақпараттандырудың маңыздылығына тоқталды. Ол кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға, бірдей көлемде теріске шығару хабарлары мен материалдарын тегін жариялау мүмкіндігін ұсынуға шақырды.
«Сайлау науқанына дайындық аясында Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Атап айтқанда, 3 шілдеде саяси партиялардың өкілдеріне, 22 шілдеде Құрылтай депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған семинарлар ұйымдастырылды. Сөзімді қорытындылай келе, сайлау күні және дауыс беру күнінің алдындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынатынын еске салғым келеді. Сонымен қатар дауыс беру күнінің алдындағы бес күн ішінде және дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау қорытындыларына қатысты болжамдарды, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, сондай-ақ кандидаттарды немесе саяси партияларды қолдауға арналған дауыс берулерді жариялауға жол берілмейді», - деп еске салды ОСК мүшесі.
Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов та баяндама жасады. Ол министрліктің бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстары және үгіт кезеңінде ақпараттық кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізу жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар бірінші вице-министр үгіт кезеңінде саяси партиялардың қызметін тең дәрежеде жариялаудың маңыздылығына, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарын кең аудиторияға түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің өзектілігіне тоқталды.

Отырысты қорытындылаған Нұрлан Әбдіров 23 шілде күні сағат 18:01-ден бастап Құрылтай депутаттығына кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын бастауға құқылы екенін атап өтті.
«Бұл - электораттық науқанның қызықты және маңызды кезеңдерінің бірі. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуі үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізуінің тең жағдайына кепілдік беріледі. Сайлау органдары сайлау науқанының барлық кезеңдерін заңнамаға қатаң сәйкес түрде, ашық әрі әділетті бәсекелестікті қамтамасыз ете отырып өткізу үшін барлық жағдайды жасауға тиіс. Сонымен бірге Құрылтай депутаттығына кандидаттарды, сондай-ақ олардың сенім білдірген адамдарын, кандидаттардың және саяси партиялардың сайлау алдындағы штабтарын, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарын үгіттік іс-шараларды сайлау заңнамасы шеңберінде жүргізуіне назар аударғым келеді. Мынаны ескеру қажет: сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібін және ережелерін бұзған жағдайда сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жоя алады», - деп түйіндеді Нұрлан Әбдіров.
Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиісті қаулылар қабылдады. Сондай-ақ ОСК мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарына арналған дәстүрлі брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.







2026 жылғы 23 шілдеде сағат 17:00-де 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының оныншы отырысы өтеді.
Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастырылады.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін мына телефон арқылы жүргізіледі: 8 775 607 30 37.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4, мәжіліс залы, 1-қабат.
Баспасөз қызметі
тел.: 75-23-69, 75-29-13.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған онлайн-семинар өткізді.
Семинарда 150-ге жуық республикалық 200-ге жуық өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/52 қаулысымен бекітілген сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары аясында өткізілді.
Семинарды ашқан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Шавхат Өтемісов бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ азаматтарды сайлау науқанының барысы туралы объективті, жедел әрі жан-жақты ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізудің ерекшеліктері, сондай-ақ сайлау науқанының негізгі кезеңдері туралы баяндады.
Өз кезегінде ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік сайлауды ақпараттық қамтамасыз етудің ерекшеліктері, сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сайлау комиссиялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының құқықтық аспектілері туралы баяндады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Михаил Комиссаров сайлау кезеңінде ақпараттық және үгіт-насихат жұмысын жүргізудің ерекшеліктері мен практикалық аспектілері жөнінде баяндама жасады.
Семинар соңында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен шақырылған сарапшылар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Аталған семинар Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды әзірлеу және өткізу кезеңінде сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқыту бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
2026 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 6 (алты) заңды тұлғалардан тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріліп, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарламалар келіп түсті, атап айтқанда:
1. «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - сауал салу әдісі: дауыс беру күні сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушылар арасында қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу (exit-poll), сондай-ақ өзге де социологиялық зерттеу түрлері (фокус топтық пікір алысулар, сараптамалық сауал салу, интернет-ресурстар, face-to-face арқылы жаппай сауал салуды жүргізу, экспресс-сауал салу) қолданылады.
2. «DATAMETRICS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - сауал салу әдісі: «face to face» жеке сұхбат әдісімен;
3. «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі» - сауал салу әдісі: «face to face» сұхбаты, телефон арқылы сауал салу, интернет-сауал салу, exit-poll;
4. Частный фонд «Институт комплексных социальных исследований - Астана» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» - сауал салу әдісі: дауыс беру үй-жайлары мен учаскелерінен тыс жерлерде «жеке сауалнама» және «үздіксіз ағын» әдістерімен (exit-poll) сауал салу, «face-to face» жеке сұхбат, әлеуметтік желілер мен электрондық тарату құралдарын пайдалана отырып қашықтықтан сауалнама жүргізу;
5. «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы - сауал салу әдісі: «face-to-face» жеке сұхбат әдісімен, телефон арқылы сауал салу, exit-poll, интернет-сауал салуды, интернет-арналарды пайдалану арқылы жаппай сауал салуды жүргізу;
6. «Демократия Институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі - сауал салу әдісі: «face-to-face» сұхбаты, интернет-арналарды пайдалану арқылы жаппай сауал салуды жүргізу әдісімен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.
Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).
2026 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 6 (алты) заңды тұлғалардан тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріліп, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарламалар келіп түсті, атап айтқанда:
1. «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - сауал салу әдісі: дауыс беру күні сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушылар арасында қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу (exit-poll), сондай-ақ өзге де социологиялық зерттеу түрлері (фокус топтық пікір алысулар, сараптамалық сауал салу, интернет-ресурстар, face-to-face арқылы жаппай сауал салуды жүргізу, экспресс-сауал салу) қолданылады.
2. «DATAMETRICS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - сауал салу әдісі: «face to face» жеке сұхбат әдісімен;
3. «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі» - сауал салу әдісі: «face to face» сұхбаты, телефон арқылы сауал салу, интернет-сауал салу, exit-poll;
4. Частный фонд «Институт комплексных социальных исследований - Астана» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» - сауал салу әдісі: дауыс беру үй-жайлары мен учаскелерінен тыс жерлерде «жеке сауалнама» және «үздіксіз ағын» әдістерімен (exit-poll) сауал салу, «face-to face» жеке сұхбат, әлеуметтік желілер мен электрондық тарату құралдарын пайдалана отырып қашықтықтан сауалнама жүргізу;
5. «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы - сауал салу әдісі: «face-to-face» жеке сұхбат әдісімен, телефон арқылы сауал салу, exit-poll;
6. «Демократия Институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі - сауал салу әдісі: «face-to-face» сұхбаты, интернет-арналарды пайдалану арқылы жаппай сауал салуды жүргізу әдісімен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.
Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).
2026 жылғы 20 шілдеде сағат 15.00-де 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында саяси партияның партиялық тізімдерін тіркеу мәселелері бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді.
ОСК отырысынан кейін саяси партияның өкілдерінің қатысуымен БАҚ үшін брифинг өтеді деп күтілуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2026 жылғы 20 шілде күні сағат 12.30-14.30 аралығында жүргізіледі.
Байланыс нөмірі: 87756073037.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/52 қаулысымен бекітілген сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне қатысатын басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жоспарын орындау мақсатында 2026 жылғы 22 шілдеде сағат 16:00-де ҚР ОСК 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған онлайн-оқыту семинарын өткізеді.
Оқыту семинарына қатысуға ниет білдірген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 2026 жылғы 22 шілде күні сағат 12:30-14:30 аралығында аккредиттеуден өте алады.
Өткізу форматы: ZOOM платформасына қосылу ұсынылған сілтеме арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту: Әрбір бұқаралық ақпарат құралына қосылу үшін шектеулі мөлшерде ZOOM сілтемесі ұсынылады.
Байланыс телефоны: 87787271108.