Меню

Страницы

Статья

Құрылтай депутаттарының сайлауы

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлау науқаны Мемлекет басшысының 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес өткізіледі. Дауыс беру күні 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылса, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағдайды қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Алдағы сайлау науқаны Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгеннен кейін Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша алғаш рет өткізілетін науқан болмақ. Негізгі заңға сәйкес, Құрылтай – заң шығару билігін жүзеге асыратын және бір палаталы Парламент ретінде қызмет ететін елдің жоғары өкілді органы.

Құрылтай құрамына бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағында партиялық тізімдер бойынша бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді. Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Сайлауға дайындық аясында Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу, үгіт-насихат материалдарын орналастыру орындары мен сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған орындарды дайындау, сондай-ақ сайлау бюллетеніндегі саяси партиялардың орналасу тәртібі туралы ақпарат ұсынды.

Партиялық тізімдерді тіркеу

2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша жеті саяси партияның партиялық тізіміне Құрылтай депутаттығына 545 кандидат енгізілді.

Депутаттық мандаттардың жалпы саны – 145.

Әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты талаптарды барлық саяси партия сақтады. Барлық партиялық тізімдердегі осы санаттағы өкілдердің жиынтық үлесі 43,9%-ды құрады.

Кандидаттардың ішінде:

  • 172 әйел;
  • 373 ер адам;
  • 19 мүгедектігі бар адам;
  • 35 жасқа дейінгі 74 кандидат бар.

Кандидаттардың орташа жасы – 45,4 жас.

Сайлау бюллетеніндегі партиялардың орналасу тәртібі

Жеребе қорытындысына сәйкес, саяси партиялардың атауы сайлау бюллетенінде мынадай ретпен орналастырылады:

  1. «Әділет» партиясы;
  2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
  3. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
  4. Қазақстан Халық партиясы;
  5. «Ауыл» партиясы;
  6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;
  7. «Respublica» партиясы.

Жеребе қорытындысы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасымен рәсімделеді.

Халықаралық байқаушылар

2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға халықаралық байқау институты ашылған сәттен бастап Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 96 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

 

Сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге арналған орындар

Отырыс барысында елорда, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары үгіт-насихат материалдарын орналастыруға және сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған орындарды дайындау туралы ақпарат ұсынды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, Қазақстан өңірлерінде:

  • үгіт-насихат материалдарын орналастыруға арналған 8 мыңнан астам орын;
  • сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған шамамен 4,5 мың орын дайындалған.

Сайлаудың негізгі кезеңдерінің мерзімдері

 

Анықтамалық ақпарат:

Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы

Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Дата публикации
28 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип

Сейчас читают

31 июля 2026
Сұрақтар мен жауаптар
29 июля 2026
Өңірлердегі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат
28 июля 2026
«Respublica» партиясының бағдарламасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы