Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы – 160000 мүшесі бар Қазақстандағы авторитарлық жүйеге оппозиция болып табылатын және әлемдегі дәстүрлі социалдемократиялық құндылықтарды дәріптейтін еліміздегі бірден-бір ірі саяси партия. Социалистік интернационал мүшесі.
ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Партия қызметі еріктілік, тең құқықтылық, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптеріне негізделеді. Партия қолданыстағы заңнамамен белгіленген шектеулерді қоспағанда, ішкі құрылымын, мақсаттарын, қызметінің нысандары мен әдістерін еркін түрде анықтайды.
Бағдарлама мен осы Жарғыда көзделген мақсаттары мен міндеттерін іске асыру Партия қызметінің мәселелері болып табылады.