«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі – Қазақстандағы экологиялық бағыттағы саяси партия.
Партияның мақсаты – азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны және биоалуантүрлілікті қорғау, экономиканың барлық салаларын реформалау.
Көзқарасы:
Біз табиғат, технология және адам өзара үйлесімде дамитын қоғам құруға ұмтыламыз. «Байтақ» партиясы тұрақты дамуды, экологиялық сананы қалыптастыруды және Қазақстанның қоршаған ортасын сақтауға бағытталған заманауи шешімдерді енгізуді қолдайды.