Меню

Страницы

Статья

"Әділет" саяси партиясы

«Әділет» партиясын Қазақстанның болашағын Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, Жауапкершілік және Патриотизм қағидаттарымен байланыстыратын азаматтар құрды.

Біз жаңа Конституцияның қабылдануы – жаңа кезеңдегі ел дамуының бастамасы деп санаймыз. Бұл кезеңде мемлекет азаматқа қызмет етуі керек, заң бәріне бірдей міндетті болуы тиіс, ал биліктің тиімділігі адамдардың өміріндегі нақты нәтижелермен өлшенуі қажет.

«Әділет» білім беру, ғылым, медицина, бизнес, құқық, мемлекеттік басқару және азаматтық қоғам салаларындағы мамандардың басын қосады. Біз әділетті, заманауи әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға атсалысу үшін біріктік.

Біз реформашыл центризм, парасатты ұстаным және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарын ұстанамыз. Саясат құзыреттілікке, кәсібилікке және азаматтардың мүддесі үшін тиімді шешім таба білуге негізделуі керек деп есептейміз.

Біздің негізгі құндылықтарымыз – Әділеттілік, Патриотизм, Еңбекқорлық, Жауапкершілік және Прогресс. Дәл осы құндылықтар біздің шешімдерімізді, бағдарламаларымызды және саяси қызметімізді айқындайды.

Біз мықты мемлекеттік институттарды, заң үстемдігін, әділ бәсекеге негізделген экономиканы, өңірлерді дамытуды, адами әлеуетті қолдауды және мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогты қолдаймыз.

Біздің мақсатымыз – әділеттілік қағидаттарын мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірдің негізіне айналдыру. Әрбір азамат өз қабілеттерін жүзеге асыру, адал еңбек ету және лайықты болашаққа қол жеткізу үшін тең мүмкіндікке ие болуы тиіс.

Құндылықтар

ӘділетБүгінде бәріміздің әділет үстем болса дейтініміз — біздің ерекшелігіміз емес, әлемдегі қоғамдар мен мемлекеттердің бәрінің дамуына бағдар беріп отырған жаһандық үрдіс.
Патриотизм«Әділет» партиясы патриотизмді — абстракт сезім деп емес, еліне де, оның келешегіне де жанашыр адал азаматтық ұстаным деп біледі.
Еңбекқорлық«Әділет» партиясы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған, азаматтың жетер жетістігінің басты өлшемі — адал әрі жауапкершілікпен атқарылған еңбек деп білетін «Адал азамат» тұжырымдамасын толық қолдайды.
ЖауапкершілікЖауапкершілік жоқ жерде толыққанды даму да, орнықты тәртіп те, мемлекет пен азамат арасындағы сенім де болмайды.
Прогресс«Әділет» партиясы білетін прогресс — өзгенің үлгісін көзсіз көшіріп алу емес, өзін-өзі тәртіпке салуға, үздіксіз білім алуға дайын болуға және ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жаһандық сын-қатерлерге бейімделе білуге сүйенетін терең трансформация.
Дата публикации
17 июля 2026
Дата обновления
17 июля 2026
Тип

Сейчас читают

31 июля 2026
Сұрақтар мен жауаптар
29 июля 2026
Өңірлердегі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат
28 июля 2026
«Respublica» партиясының бағдарламасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы