
«Білім алушылардың білімін бағалауды жүргізу үшін қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 35-1) тармақшасына, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына сәйкес әзірленген және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім алушыларының білімін бағалау жүргізудің тәртібін айқындайды.
Білім алушылардың білімін бағалауды ЖЖОКБҰ-да ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп жүргізеді.
Білім алушылардың білімін бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау үшін оларды бақылаудың тиімді және ашық рәсімі негізінде жүргізіледі.