«Таза парақтан» реттеу мемлекеттік саясаты аясындағы іс-шаралар шеңберінде білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу барысында қойылатын талаптардың бірыңғай болуын қамтамасыз ету мақсатында құқықтық акт қабылданды

«Таза парақтан» реттеу мемлекеттік саясаты аясындағы іс-шаралар шеңберінде білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу барысында қойылатын талаптардың бірыңғай болуын қамтамасыз ету мақсатында құқықтық акт қабылданды

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылаудың мақсаты – көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету, алдау практикасының алдын алу, жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен мемлекеттің заңды мүдделері қорғау болып табылады.

2023 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының  № 766 бұйрығымен «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдар» бекітілді.

Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарының білім беру қызметін реттейтін өзге де білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.

Әдістемелік ұсынымдар келесі негізгі бағыттарды қамтиды: мемлекеттік бақылау шарасына тартылатын сыртқы сарапшылар, мамандар мен кеңесшілерге қойылатын талаптар, олардың міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктеріне қатысты; профилактикалық бақылауды (бару арқылы, бармай) және тексеруді (талаптарға сәйкестікке, жоспардан тыс) тағайындау, өткізу және қорытындылау кезеңдерін құжаттамалық рәсімдеу тәртібіне қатысты; мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде лауазымды тұлғаға қойылатын шектеулер, тексерудің қорытындысы бойынша қозғалатын әкімшілік өндірістің рәсімдеріне қатысты ұсынымдар.

Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің лауазымды тұлғаларының мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезінде қолдануы үшін әзірленген.