2023 жылғы 18 қазанда ҚР ҒжБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті жұмыс органы болып табылатын Республикалық аккредиттеу кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында қызметтің негізгі нәтижелері бойынша аккредиттеу органдарының жыл сайынғы есептері, екі аккредиттеу агенттігін аккредиттеу мерзімдерін ұзарту және аккредиттеу агенттіктерінің EPVO ақпараттық жүйесінде деректерді толтыру қажеттілігі туралы мәселелер қаралды.
Аккредиттеу органдарына олардың қызметін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.