Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, Ғылыми-зерттеу институттарына !
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі-Комитет) философия докторы (PhD) дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент), профессор атағын алу үшін Комитеттің қарауына ұсынылатын аттестациялық істерді жинақтау талаптарға сәйкес ұсынылу керек екені туралы ҚАТАҢ ТҮРДЕ ЕСКЕРТЕДІ.
Докторанттың аттестаттау ісінде мынадай құжаттар қағазға арналған бумада (скоросшиватель) және электронды тасымалдағышта (CD-диск немесе флеш-картада) беріледі :
1) диссертацияның ҰМҒТСО-ға жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО бланкісінде ілеспе қолдаухаты пдф (pdf) файлы форматында (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа);
2) электронды тасымалдағыштағы диссертация. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертация да қағаз тасымалдағышта беріледі;
3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері пдф (pdf) файлы форматында;
4) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі пдф (pdf) файлы форматында;
5) ҰМҒТСО-ның диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы анықтамасы пдф (pdf) файлы форматында. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертация бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарындағы және (немесе) ғылыми ұйымдардағы комиссияның диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы анықтамасы ұсынылады;
6) Үлгі ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы пдф (pdf) файлы форматында;
7) диссертацияны қорғау жөніндегі және пысықталған диссертациялық жұмысты талқылау бойынша (қажет болғанда) диссертациялық кеңес отырысының толық көлемдегі бейнежазбасы және төраға мен ғалым хатшы қол қойған хаттамасы;
8) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскриптің көшірмесі пдф (pdf) файлы форматында;
9) Үлгі ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет пдф (pdf) файлы форматында.
Сонымен қатар, «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 128 бұйрығының 7 тармағына сәйкес Ғылыми атақ беру туралы қолдаухатты Комитетке ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ұсынады.
Қолдаухатқа аттестаттау ісі қоса қағазға арналған бумада (бумажный скоросшиватель) және электронды тасымалдағышта (CD-диск немесе флеш-картада) беріледі :
1) ілеспе хат – ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу күні көрсетілген Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным;
2) жарияланымдар тізімі. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар тізімі 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді;
3) жарияланымдар тізімінде көрсетілген жарияланымдар көшірмелері пдф (pdf) файлы форматында;
4) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді пдф (pdf) файлы форматында;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдар көшірмелері (болған жағдайда) пдф (pdf) файлы форматында;
6) жұмыс орны растаған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі пдф (pdf) файлы форматында;
7) шәкірттер – ғылыми дәрежесі бар тұлғалар дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) пдф (pdf) файлы форматында;
8) монографияның немесе оқулықтың (оқу (оқу-әдістемелік) құрал) қағаз және электронды нқсқалардағы түпнұсқасы;
9) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі пдф (pdf) файлы форматында.
Аттестциялық істерді әзірлеуге жауапты ғалым хатшылардан ұқыптылықты, біліктілікті талап етеміз.
Талапқа сәйкес әзірленбеген аттестациялық іс кері қайтарылатыны туралы ескертеміз.