
2023 жылғы шілде айында ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты» РММ мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
Қорытындысында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023 жылғы 21 шілдедегі №356 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты» РММ білім беру қызметі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына толық сәйкес деп танылып, «6В121– Әскери іс» мамандар даярлаудың бағыты бойынша 5 (бес) жылмерзімге аттестатталды.