
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес, бес жылда бір рет білім беру ұйымдарының ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау рәсімі жүргізіледі.
2023 жылғы маусым айында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өтті.
Қорытындысында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №270 бұйрығымен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына толық сәйкес деп танылып, мамандар даярлаудың келесі бағыттары бойынша 5 (бес) жыл мерзімге аттестатталды:
6В121– Әскери іс.