«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес, бес жылда бір рет білім беру ұйымдарының ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау рәсімі жүргізіледі.
2023 жылғы мамыр айында Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өтті.
Қорытындысында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023 жылғы 31 мамырдағы №249 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес деп танылып, мамандар даярлаудың келесі бағыттары бойынша 5 (бес) жыл мерзімге аттестатталды:
Магистратура:
Докторантура: