2022 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы реттеушілік актілерді қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының қорытындысы кеңесін өткізді.
Бұған дейін, Министрлік реттеушілік актілерді қайта қарау және кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру жөніндегі жоспар-кестені орындау шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінен қауымдастықтардан, «Атамекен» ҰКП, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен және тәуелсіз сарапшылардан құралған Жұмыс тобының қалыптастыры.
Осылайша, Жұмыс тобы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды және (немесе) реттегіш құралдарды қамтитын Реттеушілік актілердің тізбесін қалыптастырды.
Жұмыс тобы жұмысының нәтижесінде талданған реттеушілік актілердің жалпы саны 67 нормативтік құқықтық актіні (4 Заң, 63 НҚА) құрады. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері орындауға міндетті талаптар мен реттеуші құралдар бар 1794 талап анықталды.
Осылайша, жұмыс тобының ұсынылған ұсынымдарына сәйкес 67 реттеушілік актіде көзделген 1794 талап қайта қарауға жатқызылды.
Сонымен қатар, оларды қалыптастыру шарттарына сәйкес келмейтін талаптардың жалпы саны – 165 талапты құрады, бұл анықталған талаптардың жалпы санының 9,2%-ын (1794) құрайды.
Бұл ретте, жұмыс тобы қолданыстағы талаптарды сақтай отырып, 1629 талапты өзгеріссіз қалдыруды ұсынды, өйткені олардың күшін жою еліміздің білім сапасы мен ғылыми әлеуетінің төмендеуіне, сондай-ақ, қоғамның және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, инновациялық және интеллектуалдық дамуының нақты қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлау деңгейінің төмендеуіне алып келеді, бұл өз кезегінде еліміздің негізгі мүдделерінің бірі болып табылады.