«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-на 6D011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша ««Инженерлік білім беру бағдарламаларының студенттерін жаппай ашық онлайн курстар арқылы кәсіби шет тіліндегі қарым-қатынасқа үйретудің ерекшеліктері» тақырыбындағы Ахметова Динара Рашидовнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын қорғауы өтеді.

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-на 6D011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша ««Инженерлік білім беру бағдарламаларының студенттерін жаппай ашық онлайн курстар арқылы кәсіби шет тіліндегі қарым-қатынасқа үйретудің ерекшеліктері» тақырыбындағы Ахметова Динара Рашидовнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасында орындалған.

Қорғау тілі: орыс.

Ғылыми кеңесшілері:

Умит Ибжановна Копжасарова – педагогика ғылымдарының кандидаты, шетел тілінде даярлау теориясы мен әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;

Констанс ДеВеро – PhD философия докторы, қауымдастырылған профессоры, Буффало университеті (Нью-Йорк мемлекеттік университеті), Нью-Йорк, АҚШ.

 

Рецензенттер:

  1. Кенесбаев Серик Муктарович – педагогика ғылымдарының докторы (13.00.08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің информатика кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
  2. Жусупова Роза Флюровна – педагогика ғылымдарының кандидаты (13.00.02 – Бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі роман-герман және түркі тілдерін оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі), шет тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Республикасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Цыгулева Маргарита Викторовна – п.ғ.к. (13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі), доцент, Сібір мемлекеттік автомобиль-жол университетінің шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, Омбы қ., Ресей Федерациясы;

Чакликова Асель Тураровна – п.ғ.д. (13.00.02 – Шет тілдерін оқытудың теориясы мен әдістемесі), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, оқу ісі жөніндегі проректоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Кушнир Марина Петровна – п.ғ.к. (13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы), «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы директорының орынбасары, Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Қорғау аралас форматта 2025 жылдың 03 шілде сағат 14.00 – де академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы 6D011900/8D01702 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) бейініне сәйкес құрылған диссертациялық кеңесте өтеді.

 

Өткізілетін орны: №1 бас ғимараттың Ғылым Кеңесінің мәжіліс залында және ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді: идентификаторы: 885 0162 1652, құпия сөз: 416037.

 

Дата публикации
04 июня 2025