«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ-да 8D07302 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Бек Айман Аскаркызының «Карьерлердің борттарын нығайту үшін түрлендірілген (модифицирленген) бетондардың құрамын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – орыс.
Ресми рецензенттер:
- Сайидкосымов Сайиджабор Сайиткосымович – техника ғылымдарының докторы, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан);
- Сартаев Даулет Турысович – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық білім беру корпорациясының Жалпы құрылыс факультетінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми кеңесшілер:
- Байджанов Джумагельды Омарович – техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының профессоры.
- Окк Джонг-Хо – философия докторы (PhD), Сеул ұлттық ғылым және технология университеті (Seoul National University of Science & Technology), (Сеул қ., Оңтүстік Корея).
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Нугужинов Жмагул Смагулович - техника ғылымдарының докторы, профессор, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институтының директоры, диссертациялық кеңестің төрағасы.
- Рахимова Галия Мухамедиевна - техника ғылымдарының кандидаты, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының доценті, ғылыми хатшы.
- Жарылгапов Сабит Муратович - философия докторы (PhD), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Индустриялық-технологиялық институтының доцентінің м.а.
- Ахажанов Сунгат Беркинович - философия докторы (PhD), «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеЕАҚ «Т.Г. Мұстафин атындағы Алгебра, Математикалық логика және геометрия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Жалгасулы Нариман Жалгасович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты «Тау-кен өндірісінің экологиясы және қауіпсіздігі» бөлімінің меңгерушісі.
- Милитенко Наталья Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, Н.В. Мельников атындағы Ресей ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институтының аға ғылыми қызметкері (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
- Жумагулова Адия Аскаровна - техника ғылымдарының кандидаты, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиялары» кафедрасының доцентінің м. а.
Қорғау 2024 жылғы 20 желтоқсанда сағат 14.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ 8D07302 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1 корпус, 521 аудитория.
Конференцияға сілтеме:
https://us05web.zoom.us/j/4240236743?pwd=N1cvaFpUaEhNRG9PU091ajlGUnZJZz09
Конференция идентификаторы: 424 023 67 43
Кіру коды: 1953