«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның жанындағы диссертациялық кеңесінде 8D08103 «Өсімдіктерің қоректенуі мен тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Шуменова Назымгүл Жолдасқызының «Микроб текті биотыңайтқыштардың жаңа түрлерін әзірлеу технологиясын жасау және олардың тиімділігін Солтүстік Қазақстан жағдайында майлы және астық дақылдарды өсіруде зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Топырақтану және агрохимия» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: қазақ.
Ғылыми кеңесшілері:
Науанова Айнаш Пахуашовна - биология ғылымдарының докторы (Hirsch index - 3), «Топырақтану және агрохимия» кафедрасының профессоры, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы
Aydin Tyufekcioglu - PhD, экология кафедрасының профессоры, Артвин Чорух университеті, Түркия
Ресми рецензенттері:
Таутенов Ибадулла Айгалиевич - ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, аграрлық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қорқыт ата атындағы Қызылорада университеті, Қызылорда қ.
Танирбергенов Самат Исембайевич, PhD (Hirsch index - 3), «У.Успанов атындағы топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Басқарма төрағасының орынбасары, Алматы қ.
Диссертациялық уақытша кеңесінің сайланған мүшелерінің тізімі:
Звягин Григорий Александрович - PhD (Hirsch index - 2), «Топырақтану және агрохимия» кафедрасының аға оқытушысы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ.
Кашкаров Аскар Аманжолович – кандидат сельскохозяйственных наук (Hirsch index - 2), аға оқытушысы, «Топырақтану және агрохимия» кафедрасының меңгерушісі, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ.
Meisam Zargar - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (Hirsch index - 24), Агробиотехнология институтының профессоры, Ресей Халықтар Достығы Университеті (РУДН), Мәскеу қ., Ресей Федерациясы
Қорғау 2024 жылы 12 желтоқсан сағат 13.30 - да «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, техникалық факультетінің ғимараты, №4202 конференц-залы.
ZOOM: 494 782 2913
Код: 12345
e-mail: baitelenova_alya@mail.ru