2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қатысты мемлекеттік бақылау нәтижелері

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Комитет 4 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) 11 мемлекеттік бақылау шараларын жүргізді, соның ішінде:

- 3 бару арқылы профилактикалық бақылау;

- 3 біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерулер;

- 5 жоспардан тыс тексерулер.

Сонымен қатар, 1 жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнында мемлекеттік аттестаттау және 2 ЖЖОКБҰ -да педагог кадрларды даярлау сапасына мониторинг жүргізілді. Жалпы саны 7 ЖЖОКБҰ-да 14 мемлекеттік бақылау шарасы жүргізілді.

 «Таза парақтан» реттеу саясатын жүзеге асыру аясында Комитеттің 8 нормативтік құқықтық актілері (бұдан әрі – НҚА) қайта қаралып, заңнамадағы өзгерістер мен жаңа цифрлық деректерді ескере отырып, бірқатар НҚА, тексеру парақтары және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары өзектендірілді.

Дата публикации
16 октября 2026