«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы 8D10 – Денсаулық сақтау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D10101 – Қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламасы бойынша Марат Амангалиевич Саршаевтың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Ми қан тамырларының атеросклероздық зақымдануы бар науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмекті жетілдірудің медициналық ұйымдастырушылық технологиялары» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – орыс.
Рецензенттер:
- Бауыржан Каденович Омаркулов – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, “Қарағанды медицина университеті” КеАҚ Отбасылық медицина кафедрасының профессоры;
- Ербол Тарғынович Махамбетов – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас нейрохирургы, “Ұлттық нейрохирургия орталығы” АҚ тамырлық және функционалдық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі.
Ғылыми кеңесшілер:
- Ботагоз Саитовна Турдалиева – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Профилактикалық медицина академиясының академигі, ғылыми қызмет және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары, жұмыс орны – «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК.
- Гульнур Зейнеловна Танбаева – медицина ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының профессоры;
Шетелдік ғылыми кеңесші: Валерий Александрович Лазарев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Ресей медициналық үздіксіз кәсіби білім беру академиясының Нейрохирургия кафедрасының профессоры.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Куралбай Куракбаев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС «Денсаулық сақтаудағы экономика» курсының меңгерушісі;
- Нурлан Темирбекович Джайнакбаев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» БеБМ ректоры;
- Фатима Даутовна Касымбекова – PhD, «Медициналық лазерлік орталық» ЖШС бас дәрігер орынбасары;
- Konrad T. Juszkiewicz – PhD, Lublin Academy of the Higher School of Economics and Innovation, Lublin, Poland.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
- Марлен Махмудович Есиркепов – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Өмір туралы ғылымдар орталығының жетекшісі;
- Шолпан Естемесовна Каржаубаева – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары;
- Асия Кайрбаевна Тургамбаева – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, “Астана медицина университеті” КеАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.
Қорғау 2026 жылғы 22 мамыр, сағат 16:00-де «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19а, конференц-зал, 5-қабат.
Zoom конференциясына қосылуға арналған сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/2818827485?pwd=Ky9Ua05JbmttQm9xSXAxeTJZWlJpUT09
Конференция идентификаторы: 281 882 7485, Кіру коды: 123456
ДК хатшысы: Индира Казбековна Тулебаева,
e-mail: tulebayeva.ik@gmail.com