Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты, а.ж. 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен «Есіл» (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғ., Достық, Керей-Жәнібек хандары к-рі.), «Нұра» (Тұран, Ұлы Дала даңғ.) және «Алматы» (Тәуелсіздік даңғ., Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов к-рі.) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Дайындық аясында а.ж. 3 тамызында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.
Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді.
Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз.
2024 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдерінде 2024 жылғы көктемгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздарының Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
«Айбын» президенттік полкі әскери қызметшілерінің Әскери ант қабылдау рәсімі Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументі жанындағы алаңда, ал «Батыр» президенттік полкі сарбаздарының осындай салтанаты Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Әскери ант қабылдау салтанатына жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысады.
ҚР МКҚ қатарындағы 2024 жылғы көктемгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздары еліміздің барлық аймақтары мен республикалық маңызы бар қалаларынан іріктеліп алынған. Олар әскери бөлімдердің далалық оқу орталықтарында жаңа шақырылым сарбаздарын дайындау курсынан өтті.
Әскери ант қабылдау салтанаты – ерекше жауынгерлік рәсімдердің бірі. Ант қабылдау арқылы сарбаздар өздеріне Отанды қорғауға әзір болуға, әскери қызмет міндеттерін адал атқаруға жауапкершілік алады.
ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.
Әскери ант қабылдаған соң мерзімді қызмет сарбаздары ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштері атқаратын: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларға қатысу, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді міндеттерді атқаруға кіріседі.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің мерзімді әскери қызмет сарбаздары қатарына еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180 см-ден жоғары және 195 см-ден аспайтын, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы жақсы кез келген азаматы қосыла алады. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разрядтары бар үміткерлерге басымдық беріледі.
Мерзімді әскери қызметті ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында атқару жас азаматтар үшін мықты ерлік мектебі болады, олар мұнда өзінің өмірлік жолына қажетті маңызды дағдыларға үйренеді. Жастар үшін бұл кезең ары қарайғы мансап жолын жалғастыруға негіз, әлеуметтік лифт болуы мүмкін. Мерзімді әскери қызметті аяқтағандар қалауы бойынша қызметті келісімшарт негізінде жалғастыра алады, одан әрі олардың арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқару мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.
Мемлекет басшысының өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін К.В.Канцеров ҚР МКҚ құрылымдық бөлімшесін басқарған.
2024 жылғы 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.
Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.
ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.
ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.
КР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.
ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 776 800 27 28 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін ол ҚР МКҚ-де офицерлік және басшылық қызметтер атқарған.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «САРДАР» командасы 3-7 ақпан аралығында БАӘ-нің Дубай қаласында өткен UAE SWAT Challenge 2024 халықаралық сайысында қола жүлде жеңіп алды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет еліміздің арнаулы бөлімшесінің командасы айтулы халықаралық сайыста жеңіске жетті.
Бүкіл әлемнен жиналған 80-нен астам команданы басып озған «САРДАР» тек сайыс қожайындарына - Дубай қаласы полициясының екі командасына ғана жол берді.
UAE SWAT Challenge – күштік құрылымдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы чемпионат болып табылады. Биыл сайыс бесінші рет өткізілді, оған бүкіл әлемнен келген командалар қатысып, кедергілерден өту, шабуылмен басып алу, кепілге алынғандарды құтқару, жаралыларды эвакуациялау, қару түрлерінен ату секілді күрделі сынақтардан өтті.
Сайыстың барлық кезеңдерінде «САРДАР» үздік тактикалық дағдылар, күш-қуат, төзімділік пен биік рухын танытты. Үшінші және төртінші күндегі нәтижелер бойынша команда сайыстың үздік үштігінен сенімді орын алды.
Чемпионаттың бесінші, шешуші кезеңінде де «САРДАР» жоғары арнаулы және тактикалық әзірлігін және мықты командалық рухын көрсетті.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі командасының жарқын жеңісі - еліміздің арнаулы мемлекеттік органы жеке құрамының күшейтілген үздіксіз дайындығының, мемлекеттің өркендеуіне және оның қауіпсіздігін сақтауға бағытталған патриоттық тәрбиесінің жемісі.
Сайыстың соңғы «Кедергілер жолағы» кезеңінде ойнатылған ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жеке құрамының жаңа әнұраны - «Рух» әуені де команда мүшелерін жеңіске жетелегені анық!
«Сардар» командасы өзінің халықаралық сайыстағы жеңісін барлық отандастарына арнайды!
Мемлекет басшысының өкімдерімен Шыңғыс Лесұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР МКҚ-де офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.
2023 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдерінде 2023 жылғы күзгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздарының Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
ҚР МКҚ-нің 2023 жылғы күзгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздары еліміздің барлық аймақтары мен республикалық маңызы бар қалаларынан іріктеліп алынған. Олар мерзімді әскери қызметті «Айбын» президенттік полкінде (Астана қ.) және «Батыр» президенттік полкінде (Алматы қ.) атқарады.
Әскери ант қабылдау қарсаңында олар әскери бөлімдердің далалық оқу орталықтарында жаңа шақырылым сарбаздарын дайындау курсынан өтті. Әскери ант қабылдау салтанаты – ерекше жауынгерлік рәсімдердің бірі. Ант қабылдау арқылы сарбаздар өздеріне Отанды қорғауға, әскери қызмет міндеттерін адал атқаруға, әскери істі ынтамен меңгеруге, сеніп тапсырылған қару мен техниканы дұрыс қолдану мен сақтауға жауапкершілік алады.
Әскери ант қабылдау салтанатына жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Олар жауынгерлерге Отан алдындағы борыштарын адал, абыройлы атқаруды тіледі.
Жас жауынгерлерге жүрекжарды тілегін ҚР МКҚ бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысы генерал-майор А.Ж.Омарбеков те білдірді, ол Отан алдындағы қасиетті борышты өтеудің маңыздылығын айтып, сарбаздарға әскери істің қыр-сырын жетік меңгеріп, қызметтік міндеттерін табысты орындауды тіледі.
ҚР МКҚ қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін протоколдық іс-шаралардың рәсімдік бөлігін атқару секілді маңызды мемлекеттік міндеттерді орындайды. Сонымен қатар мерзімді қызмет атқару барысында тәжірибелі командирлік-нұсқаушылық құрамның басшылығымен сарбаздар жауынгерлік оқыту мен үйлестіруден өтеді, оның ішінде заманауи далалық оқу орталығындағы сабақтар да қамтылған.
Жаңартылған оқыту бағдарламасына сәйкес жауынгерлік және арнаулы даярлық бағдарламасына қоса, сарбаздарды әскери саладағы болашағы бар, сұранысқа ие мамандықтарға баулу да жоспарланған.
Мерзімді әскери қызметті ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында атқару жас азаматтар үшін мықты ерлік мектебі болады, олар мұнда өзінің өмірлік жолына қажетті маңызды дағдыларға үйренеді. Жастар үшін бұл кезең ары қарайғы мансап жолын жалғастыруға негіз, әлеуметтік лифт болуы мүмкін. Мерзімді әскери қызметті аяқтағандар қалауы бойынша қызметті келісімшарт негізінде жалғастыра алады, одан әрі олардың арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқару мүмкіндігі бар.
2023 жылғы 6-9 қыркүйек арасында ҚР МКҚ далалық оқу орталығында бірінші рет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жүлдесі үшін снайпинг сайысы өтті. Спорттың әскери-қолданбалы түрі снайпингті кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнирге еліміздің арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құрамалары командалары қатысты.
Қатысушылар арнайы атыс жаттығуларын орындаудан жоғары әзірлік деңгейін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталады.
2023 жылғы 1 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.