Меню

Страницы

Статья

Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл!

Батар күн,

Келер күн,

Атар таң,

Шығар күн.

Бәріңе, бәріңе,

бәріңе құмармын!

Осы мен,

 осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен ,

сірә да,  өлмейтін шығармын!

 9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.

Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған. Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.

Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұралары оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.

Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді. М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. Туған жерге, туған елге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Сондай ел арасындағы танымал шығармаларының бірі

                                                  Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Адамның басында үш бақыт бар дейді ақын. Бірінші бақыт – халық. Халық – әр адамның қоғамдық ортасы. Әр адам соған қарап «бойын жинайды, сөзін түзейді». Халықтан асқан дана жоқ, жақсылығын да жаманшылығын да ел-жұртымен еркін бөліскен. Әділ бағасын да халық беріп отырған. Қазіргі кезде де халық үніне құлақ асатын мемлекетпіз. «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп айтылған ҚР Конституциясында, ал халқымыздың үміт артары, өлкемізді көркейтіп жасартатын да біз, жас ұрпақ. Халық игілігі үшін еңбек етіп, қызмет жасауымыз керек.

Ал екінші бақытым – тілім  менің, - деп  жырлайды ақын. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады емес пе?! Бүгінгі таңда тілімізге деген құрмет жоғалған жоқ. «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де тілінде. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет» деп, атап өтті   Қазакстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев. Тілді білу – Қазақстанның әрбір  азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермегендерге үндеу тастады өз мақаласында  Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев.

Ақынның үшінші бақыты ол – Отан. Мұқағалидың Отан туралы ыстық сөздері  біздің санамызға адамзат баласының асылы да, ардақтысы да, қуанғанда сүйсінері де, қысылғанда сүйенері де туған жері –  өз Отаны екенін жеткізді. Бұған осындай сын сағатта (індет кезінде) ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылғаны дәлел. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болып, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды  екені  байқалды. Бұл – Отанға деген сүйіспеншілік емес пе?! Әр қазаққа берілген бұл үш бақытты бағалау біздің міндетіміз. Мұқағали өмірден кетсе де, өлеңдері өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса  берсін.

Дата публикации
09 февраля 2021
Дата обновления
09 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
09 февраля 2021
Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл!
Ақпарат
24 сентября 2020
Обеспечение безопасности охраняемых лиц

Социальные медиа

Официальная страница Службы государственной охраны Республики Казахстан в Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы