Меню

Страницы

Статья

ҚР МКҚ ардагерлер одағы

Мемлекеттік күзет қызметінің Ардагерлер одағы (бұдан әрі - Одақ) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, осы Жарғыға және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес құрылған коммерциялық емес ұйым.

Одақтың қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ардагерлерінің қызметін орталықтандыру және үйлестіру, Мемлекеттік күзет қызметі ардагерлер бірлестіктерінің мүдделерін ұсыну мен қорғалуын қамтамасыз ету, әлеуметтік, рухани мәселелердің оңтайлы шешілуіне қолдау көрсету болып табылады.

Одақ қызметінің мақсаты:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен, өзге де мемлекеттік органдар және мекемелермен, шығармашылық одақтармен және ерікті қауымдастықтармен әдістемелік және практикалық көмек көрсету арқылы байланыс орнату.

Мемлекеттік күзет қызметі офицерлерінің дәстүрлер үрдісінің сақталуына қолдау көрсету, жас буын өкілдеріне патриоттық тәрбие беру, Мемлекеттік күзет қызметіндегі қызмет мәртебесін насихаттау.

Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне тәжірибелік тәлім беру, жаңа буын кадрларды Отанға деген сүйіспеншілік пен қазақстандық патриотизм тұрғысынан тәрбиелеуге үлес қосу.

Мемлекеттік күзет қызметі ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне моральдық және материалдық қолдау көрсету.

Дата публикации
11 сентября 2020
Дата обновления
11 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
09 февраля 2021
Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл!
Ақпарат
24 сентября 2020
Обеспечение безопасности охраняемых лиц

Социальные медиа

Официальная страница Службы государственной охраны Республики Казахстан в Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы