"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" ҚР МКҚ Бастығы бұйрығының жобасы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидалары «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 1-тармағының үшінші бөліміне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 82) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету тәртібін анықтайды.