ҚР МКҚ Бастығы бұйрығының жобасы

"Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" ҚР МКҚ Бастығы бұйрығының жобасы.

Осы Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 1-тармағының екінші бөліміне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 17-тармағының 39-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін анықтайды.

Дата публикации
16 января 2024