Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Президенттік оркестр

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі 1992 жылы Қазақстан Республикасының протоколдық, дипломатиялық, мемлекеттік және өзге де салтанатты іс-шараларының музыкалық бөлігін қамтамасыз ету үшін «Республикалык ұлан туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес кұрылды. Президенттік оркестрдің ауқымды аудиториясы бар, ол өз Отанында және республикадан тыс жерлерде сый-құрметке ие.

Президенттік оркестр өзінің стилі, қолтаңбасы және келбеті бар шығармашылық ұжым. Еліміздің мәдени және музыкалық тыныс-тіршілігіне белсенді қатысатын, халықаралық музыкалық аренада Қазақстан Республикасын ұсынатын жеке организм. Президенттік оркестрдің концерттері халық толық залдарда айтарлықтай табысты өтетінін мақтанышпен айтуға болады.

Президенттік оркестрдің бастығы майор Рахымғалиев Дархан Ермекұлы. «Құрмет» орденінің иегері. Вероника Дударова атындағы Халыкаралык дирижерлер конкурсының лауреаты. Ресей Федерациясы (Мәскеу қ.) Қорғаныс министрлігі Әскери университеті (әскери дирижерлер) түлегі.

Президенттік оркестрдің зор мүмкіндіктері бар. Қазіргі уақытта оның кұрамында мынадай ұжымдар жемісті жұмыс істеп жатыр: үрлемелі оркестр, эстрада-симфониялық оркестрі, халық музыкасы ансамблі, ән және эстрада ансамблі. Оркестрдің жанрлық диапазоны ауқымды. Оркестр ұжымының репертуарында домбыра музыкасының (шертпе, төкпе) барлық жанрлары мен бағыттарын қамтитын халық музыкасы, Қазақстанның батыс, орталық және оңтүстік өңірлерінің дәстүрлі мектептерін қамтитын халықтық ән айту, фольклорлық-этнографиялық аспаптар (саз-сырнай, сыбызғы, жетіген, кыл қобыз, шертер, домбыра); классикалық музыкадан бастап заманауи әлемдік музыкалық классика, сондай-ақ джаз композициясы (дәстүрлі және заманауи) бар. Үрлемелі оркестрдің де репертуары әралуан. Бұл әлемнің барлық елдерінің әнұрандары, марштары, би ойын-сауық музыкасы, Қазақстан композиторларының шығармалары.

Оркестрдің музыканттары барлық іс-шараларда жоғары кәсіби шеберліктерін, ауқымды шығармашылық әлеуетті және музыкалық аспапты шебер меңгеруді көрсете отырып, жоғары руханилығымен, адамгершілігімен, музага және өзінің халқына қызмет етудегі зор ынтасымен ерекшеленеді.

Президенттік оркестрдің құрамында «Қазақстанның еңбек сіңірген кайраткерлері» Мадекешова А.У., Карабекова А.Ж., Дуйсенгазиев Б.Б., Мамырбаев А.Н., Сахметова М.Б., Бейсенова Н.В., Мухамедиев Е.Ο., Мырзабекова Г.Б.; «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегерлері - Мухтаров Ж.Ж., Паныч Г.Г., Ашанов А.Т., Сапаров Д.С., Избасаров А.А., Кумарова А.Е., Нургалиева А.Т., Бейсембаев К.Т.; «Құрмет» орденінің иегерлері Сулейменов О.К., Альмишев С.Ш.; «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Президенттік оркестр халық музыкасы ансамблі мен халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Официальная страница Службы государственной охраны Республики Казахстан в Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы