
Сіздер үшін жақсы жаңалықтарымыз бар!!!
Біріншіден, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасына және докторантурасына құжат қабылдау 2020 жылдың 20 тамызына дейін ұзартылды!!!
Екіншіден, егер сіз өту баллы 95-тен кем емес DUOLINGO сертификатының иегері болсаңыз, онда сіз бірден мамандық бойынша оқуға түсу емтиханын тапсыра аласыз. Келесі сайт арқылы: https://englishtest.duolingo.com/ru шет тілінен емтихан тапсыруларыңызға болады.
IELTS (кем дегенде 6.0) және TOEFL (кем дегенде 543 ITP, 60 IBT, 498 PBT) сертификат қабылданады.
ЕСКЕРТУ!! Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасынада және докторантурасында оқу үшін ІІО қызметкерлері екі шартты орындауы керек: - шет тілінен кешенді тест тапсыру немесе шет тілін білетіндігін растайтын сертификаты болу;
- мамандық бойынша емтиханын тапсыру.
Сіздерді Қарағанды академиясында күтеміз!!