“Жолда ойын ойнама!”: ІІМ арнайы ролик жариялады

“Жолда ойын ойнама!”: ІІМ арнайы ролик жариялады

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Ішкі істер министрлігі жолдағы балалар өлімін азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларында 126 бала қаза тауып, үш мыңнан астам кәмелетке толмаған түрлі жарақат алды.

“Жолда ойын ойнама” – мұндай бейнероликтер жол жүрісі қағидаларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.

Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында полиция келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

Балаларыңызға жол жүрісі қағидаларын үйретіп, олардың сақталуын қадағалаңыз;

Балаларды жолда, әсіресе көлік жүретін жерлерде қараусыз қалдырмаңыз;

Кішкентай балаларды тасымалдау үшін арнайы автокреслоларды пайдаланыңыз;

Балаларға жол апаты немесе төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін түсіндіріңіз;

Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз;

Телефонға телмірмеңіз. Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану апат қаупін едәуір арттырады;

Белгіленген жылдамдықты асырмаңыз; Жолда тәртіп пен заңды сақтаңыз.