Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналасуға арналған тестілеуге дайындалу бойынша онлайн-курс

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналасуға арналған тестілеуге дайындалу бойынша онлайн-курс

Құрметті оқырмандар!

Біз онлайн-тестілеу қызметін іске қосып жатырмыз, оның мақсаты - ІІО қызметке алғаш орналасушы адамдарға заңнамалық білімін тестілеудегі дайындалуға көмектесу. Тест тапсырмаларын Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушыларымен қолданыстағы заңнамалық актілер бойынша құрастырылды және бұл Сізге Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінен білімдеріңізді тексеруге жәрдемдеседі. Қазіргі уақытта жүйеде кіші басшы құрамы лауазымдарының қызметіне үміткерлерге арналған үшінші бағдарлама бойынша нормативтік құқықтық актілер бар.

Тестілеуден өтудің мәндері:

Жалпы балл барлық нормативтік құқықтық актілерге қойылған сұрақтардың (45 сұрақ) жалпы санынан кем дегенде 21 дұрыс жауап жинау керек;

Әрбір нормативтік құқықтық актіге кемінде 5 дұрыс жауаптан алу керек;

Тесттерді тапсыру уақыты: 40 минут (45 сұрақ).

http://edu.kostacademy.kz/test_tgs.html