Аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

         «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» (ҚР ҰЭМ – нің 2023 жылғы  29 маусымдағы № 127) сәйкес жеке кәсіпкерлік бойынша Ішкі істер министрлігінің сараптамалық кеңесі қызметі шеңберінде аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобасына сараптама өткізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізуді жариялайды.

         Аккредиттеуге құжаттар осы жарнаманы жариялағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде  қабылданады.

          Аккредиттеуге қатысуға өтінімдер  Астана қаласы, Тәуелсіздік  даңғылы 1, мекен  жайы бойынша Ішкі істер министрлігіне ұсынылады.

 

        Қосымша ақпаратты  72-26-45 телефоны арқылы алуға болады.