Ішкі істер министрлігімен Алматы академиясының базасында "Экстремалды жағдайларда қызметкерлерді психологиялық даярлау" тақырыбында Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың психолог-келіссөз жүргізушілерімен семинар-тренинг өткізілді.
Семинарда түрлі заманауи психотехнологиялар, визуалды психодиагностика техникасындағы авторлық әдістеме, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бойынша тыныс алу техникасы ұсынылды, сондай-ақ денеге арналған терапия бойынша шеберлік сыныбы көрсетілді.
Семинарды Ресей Федерациясы ІІМ басқару академиясының профессоры, психология, педагогика және кадрлармен жұмысты ұйымдастыру кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Т.В. Мальцева жүргізді.
Сонымен бірге, Алматы академиясының оқытушы-психологтары өздерінің кәсіби дағдыларымен бөлісті
https://www.instagram.com/reel/C0dwaEzNROm/?igshid=N2ViNmM2MDRjNw==