Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы БҰҰ-ның зерделеу жөніндегі курсын ұсынады

Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы БҰҰ-ның зерделеу жөніндегі курсын ұсынады

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы БҰҰ-ның Қамаудағы адамдармен қарым-қатынасқа қатысты ең төменгі стандарттық ережелерін (Нельсон Манделаның Ережесі) зерделеу жөніндегі курсын ұсынады.

Курсты БҰҰ ЕҚБ әзірлеген және өзбетінше оқуға арналған жеті модульді құрайды, олар Нельсон Манделаның Ережесін түсінуге және қолдануға көмегін тигізеді. Әр негізгі модуль теориялық және тәжірибелік бөлімді қамтиды. Тәжірибелік бөлімде Сіз түрмелерді басқарудың нақты сценарийлерімен таныса аласыз. Курстың анықтамалық материалдарға арналған тарауларында барынша толығырақ техникалық ұсынымдарға сілтеме келтіріледі. Оны сәтті өткен жағдайда электронды поштаға сертификат жіберіледі. Курсқа 200 минут бөлінген, оның шеңберінде бірнеше үзіліс жасауға болады. Тестке жауап беруге кіріспестен бұрын, біздің Академияның сайтындағы http://dot.kostacademy.kz/bible/files/215868681.pdf.  ақпараттық порталда орналастырылған тиісті оқу құралдарымен танысып шығуды ұсынамыз.

Тіркелу және оқуды бастау үшін сілтеме бойынша өту қажет. GOLEARN.UNODC.ORG