
Ішкі істер министрі Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ІІМ-де Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дүшекеевпен кездесті.
Кездесу барысында қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ қырғыз азаматтарының Қазақстанда болуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті. ҚР ІІМ