Жеңіс күні қарсаңында ІІМ Қостанай академиясы бастығының міндетін атқарушы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барды.

Жеңіс күні қарсаңында ІІМ Қостанай академиясы бастығының міндетін атқарушы  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барды.

Жеңіс күні қарсаңында ІІМ Қостанай академиясы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Нуркен Мухаметкалиев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Дильдабек Нурушев пен Степан Масловқа барды.

Жеке құрам атынан ол ардагерлерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Ардагерлердің өз үйлерінде кездесу өтті.

«Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрдайым ризашылықпен еске аламыз. Сіздер әрқашан біз үшін Отанға қызмет етудің үлгісі болдыңыздар. Сіздердің батылдықтарыңыз бен жанқиярлықтарыңыз біз үшін өміріміз бен қызметімізде басшылыққа алатын үлгі болсын", - деп атап өтті полковник Н. Мухаметкалиев.

Дильдабек Нурушев Одер өзенінде жауынгерлік іс-қимылдың қатысушысы болды. Ол Кенигсбергті босатып, онда Жеңісті қарсы алдыі. Соғыстан кейін Польшада тағы бес жыл қызмет етті.

Степан Маслов әскерде мерген болды. 1945 жылы тамызда бөліммен бірге майдан шебіне жіберіліп, жапондармен соғысқан. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Бейбіт уақыттағы еңбегі үшін Степан Федорович «За трудовое отличие» медалімен марапатталды.