Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу мәселесі бойынша БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу мәселесі бойынша  БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңды қолданысқа енгізу мерзімі оның шеңберінде 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 55-тармағына және қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға медициналық көмекті көрсету бойынша функцияны Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарының қызметкерлері жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-тармағының 15) тармақшасының 3-абзацына сәйкес келтіру мақсатында әзірледі. 

Жобаның мақсаты 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін дактилоскопиялық тіркеуді жүргізудің қолданылу мерзімін тоқтата тұру болып табылады.

 

 

Жедел-криминалистикалық департаменті