
28 желтоқсан күні сағат 10.00-де Теміртау қаласының Мәдениет үйінде (Республика даңғылы, 38) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Мұратұлы Ахметжановтың Қарағанды облысының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7212) 42-91-69, 42-93-81 телефондары арқылы және dpkrg@mail.kz электронды мекенжайына жіберуге болады.
Кездесу офлайн және онлайн форматта өтеді. Есеп беру кездесуінің трансляциясы ҚР ІІМ-нің ресми аккаунттарында тікелей эфирде жүргізіледі. Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды күтеміз.